Испанияның алты клубы «Барселонаға» қосылып, маусымды жалғастырудан бас тартуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Sport.es хабарлайды. Басылымның мәліметінше, футболшылар коронавирус жұқтыру қаупі әбден жойылмайынша, алаңға шыққысы келмейді. Ла Лига президенті Хавьер Тебаспен жанжал болмас үшін клубтардың атаулары жария етілмеген, себебі басшының айтуынша, маусымды аяқтаудан бас тартқан клубтарға техникалық жеңілістер жазылады.

Қазіргі уақытта Испания чемпионаты тоқтап тұр. 27 турдан кейін турнир көшбасшысы - Барселона 58 ұпай жинаған. Екінші орында - Мадридтің «Реалы». Оның еншісінде 56 ұпай бар.