Дүниежүзілік керлинг федерациясы ерлер, әйелдер, аралас командалар және ардагерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізбеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Дүниежүзілік керлинг федерациясының президенті Кейт Кейтис ресми мәлімдеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты наурыз айында өтуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты турнирлер тоқтатылды.