Таеквондодан 2020 жылғы Азия чемпионаты кейінге қалды. Бұл туралы халықаралық таеквондо федерациясы хабарлады. Азия біріншілігі 11-15 мамыр аралығында Ливанда өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирус індетінің кеңінен таралуы, сондай-ақ, коронавирусқа байланысты халықаралық жағдайдың ушығуына байланысты құрлық додасы кейінге қалды. Халықаралық таеквондо федерациясы чемпионаттың өту мерзімі мен басқа да өзгерістер туралы алдағы уақытта хабарлайды.