UFC ұйымының 18 сәуірге жоспарланған 249 турнирі коронавирус пандемиясына байланысты өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұған дейін UFC 249 турнирі Калифорнияда штат заңы жүрмейтін үнді қорына тиесілі казинода өтетін белгілі болған. Алайда бүгін белгілі болғандай жарыс кейінге шегерілді.

Бұл туралы ұйым басшысы Дана Уайт мәлімдеді. Оның сөзінше, жарысты өткізбеуді "жоғары жақтан" сұраған.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуге таласуы қажет еді.

Георгий Кичигин: Беслан Исаев, Черси Дудаев және Асламбек Саидовпен төбелескім келеді

«Ашық айқас болады». Асу Алмабаев Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегіне болжам жасады

UFC президенті: Жоғары жақтан хабарласты