Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдиньо 32 күннен соң Асунсьондегі (Парагвай) түрмеден босатылды. Экс-футболшымен бірге оның бауыры да бостандыққа шықты.

GloboEsporte басылымының жазуынша, тұтқындалғандар үшін 1,6 миллион доллар (әрқайсысына 800 мың доллардан) көлемінде кепілпұл төленген. Роналдиньо мен оның бауыры қаладан шықпауға және полицейлердің бақылауында қонақүйде тұруға міндетті.

Айта кетсек, 4 наурыз күні футболшы мен оның бауыры жалған құжатпен Парагвайға ұшып кетпекші болған. Құқық бұзушылар әуежайда тұтқындалып, 6 айға қамауға алынды.