Халықаралық футбол федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты клубтарға кеңес берді.

Ұйым биыл жазда келісімшарт мерзімі аяқталатын ойыншыларға жаңасын ертерек ұсынып, жаңа маусымды ерте бастауға мүмкіндік жасауға шақырды.

Клубтардың футболшылар мен қызметкерлерінің жалақысын азайту мәселесіне келгенде ФИФА ешқандай талап жоқ екенін, әркім өзі шешетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ жазғы трансфер кезеңі маусымның аяқталуы мен жаңа маусымның басталуына қарай ыңғайластырылады.