Испания құрамасының бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс мадридтік «Реалға» оралғысы келетінін айтты.

– Бір күні «Реалға» оралғым келеді. Соңғы бес жыл болмасам да оны үйім санаймын. Клубта өмірімнің 25 жылын өткізіппін. Сол үшін де бір күні оралатыныма сенімдімін, - деді Касильяс Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Икер Касильяс «Реалда» 1998-2015 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Кейін «Портуға» ауысып, биыл мансабын аяқтады.