UFC басшысы Дана Уайт UFC 249 турнирі 18 сәуірде ресейлік Хабиб Нурмагомедовс3з өтеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Турнир Хабибсіз өтеl3. Өтетін жекпе-жектер тізімін ертең жариялаймын», - деп жазды Уайт.
Турнирдің өтетін орны әлі жарияланған жоқ. Бастапқыда төбелес кешін Нью-Йорк қабылдайды деп жарияланған еді, бірақ коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды. Кештің басты оқиғасы - Нурмагомедовтің америкалық Тони Фергюсонмен жекпе-жегі болуға тиіс еді. Нурмагомедов қазір Ресейде, ресейлік файтер осыған дейін ол турнирге қатыспайтынын алдын ала айтқан болатын.
Хабиб: Фергюсон де, Конор да менің деңгейімде емес
Уайт: Хабиб - Фергюсон шайқасы 18 күннен кейін Жер шарында өтетіні анық
Комментарии