«Барселона» ховатиялық жартылай қорғаушы Иван Ракитичті сатуды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Каталониялық клуб ойыншыны 20 миллион еуроға сатуды көздейді. Екінші жоспар бойынша, басқа ойыншы сатып алу кезінде келіссөзге қосқысы келеді (қаржыға үстеме ретінде).

Айта кетейік, Ракитич «Барселонаға» 2014 жылы «Севильядан» ауысып келген. Каталониялықтар ол кезде ойыншы үшін 18 миллион еуро (плюс 3 миллион бонус) жұмсаған.