Португалиялық жұлдыз аргентиналықтың алғашқы нашар көзқарасын теріске шығарды.«Ювентус» шабуылшысы Пауло Дибала командаласы Криштиану Роналдуға деген көзқарасын қалай өзгерткенін айтты, деп жазады Prosports.kz «Еуроспортқа» сілтеме жасап.

«Мен оған: «Криш, біз Аргентинада сені дене бітімің, өмір салтың, жүріс-тұрысың үшін аздап жек көреміз. Алайда, шындығында сен мені таң қалдырдың, себебі мен сені мүлде басқа қырыңнан таныдым», дедім. Ол болса: «Мен сондай екенімді өзім де білемін. Мұндай сөздерге құлағым үйреніп кеткен», деп жауап берді», дейді Дибала.

Еске сала кетелік, Дибала мен Роналду 2018 жылдан бері туриндік клубта бірге ойнап жүр.