«Реал Мадрид» футбол клубы ойыншыларының жалақысын 10%-ға қысқартуды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Корольдік клуб алғашқыда коронавирус пандемиясына қарамастан ойыншылар мен клуб қызметкерлерінің жалақысын толық төлейтінін мәлімдеген.

Бірақ кіріс көзінің тоқтаусыз азаюы мадридтік клбу басшыларының ойын өзгертті. Енді клуб ойыншылардың жалақысын 10 пайызға қысқартады.

Айта кетейік, «Реал Мадрид» клубында ойыншылардан бөлек 800 клуб қызметкері жұмыс істейді.