Германиядағы карантин кезінде «Боруссия» футбол клубының ойыншылары жалақыларын 20 пайызға азайтуына келісті.

Соның арқасында клубтағы 850 штаттағы қызметкерлер жұмыстарын сақтап қалады.

Ал «Вердер» футбол клубының ойыншылары болса өз еріктерімен команда басшылығына ашық хат жазып, осындай жағдайда олардың жалақыларын азайтуын сұраған.

Естеріңізге салатын болсақ Германия біріншілігі 2 сәуірге дейін тоқтатылған болатын.