«Реал Мадрид» футбол клубының бұрынғы президенті Фернандо Мартин коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

72 жастағы Мартин коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталып, шұғыл құтқару шаралары жүргізіліп жатыр.

Фернандо Мартин «Реалды» 2006 жылы 27 ақпаннан 2006 жылы 26 сәуірге дейін екі ай басқарған.

Айта кетейік, бұған дейін мадридтік команданың тағы бір президенті Лоренсо Санс 76 жасында коронавирустан көз жұмған болатын.