«Сочи» футбол клубының басшылығы шабуылшы Александр Кокоринмен толыққанды келісімшарт жасасуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Футболшы қазіргі уақытта «Сочиге» жалға берілген. «Зенитке» тиесілі. Көп ұзамай оның санкт-Петербургтік командамен келісімшарт мерзімі аяқталады. «Сочидің» қожайыны Борис Ротенберг осы орайды ойыншыны өз командасына алып қалғысы келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Кокорин қысқы трансферлік кезеңге «Сочи» сапына ауысып келді. Содан бері 4 матч өткізіп, 3 гол соқты.