Кокорин Бахтияровтың командасына толықтай ауысады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Сочи» футбол клубының басшылығы шабуылшы Александр Кокоринмен толыққанды келісімшарт жасасуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.
Футболшы қазіргі уақытта «Сочиге» жалға берілген. «Зенитке» тиесілі. Көп ұзамай оның санкт-Петербургтік командамен келісімшарт мерзімі аяқталады. «Сочидің» қожайыны Борис Ротенберг осы орайды ойыншыны өз командасына алып қалғысы келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Кокорин қысқы трансферлік кезеңге «Сочи» сапына ауысып келді. Содан бері 4 матч өткізіп, 3 гол соқты.