Каталониялық «Барселона» футбол клубы сәуірдің 27 бастап жаттығуларын қайта бастауды жоспарлап отыр. Команда басшылығы ай соңында жаттығуларды бастауға болады деп шешім қабылдады. Испания премьер-министрі Педро Санчес бүкіл елде 13 сәуірге дейін карантин енгізген болатын. Қазіргі кезде футболшылар жаттығуларын үйлерінде жасап жүр.