Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының EURO-2021 аясында Испания құрамасымен жоспарланған кездесуі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.

Екі жақты кездесу 31 наурызда өтуі тиіс еді. Кейінге шегерілген ойынның қашан өтетіні қазір анықталуда. Қазіргі таңда Испанияда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 18 077 адамға жетті. Айта кетсек, EURO-21 аясындағы іріктеу кезеңің 5 ойын нәтижесі бойынша Қазақстан жастар құрамасы 7 ұпаймен үшінші орында тұр.