Қазақстан әйелдер құрамасының футболшысы Аида Гайстенова ресейлік «Зенит» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Гайстенова 2018 жылдан бастап Ресей біріншілігінде өнер көрсетіп жүр. Ол «Енисей» және «Звезда-2005» командаларында ойнаған. Аида Ресей кубогында жеңіске жеткен.

Жаңа командада қазақстандық футболшы 51 нөмірмен өнер көрсетеді. Келісімшарт қанша уақытқа жасалғаны белгісіз.

«Зенит» футбол клубының әйелдер құрамы 2020 жылдың қаңтарында құрылған.