«Наполи» футбол клубы 25 наурыздан бастап жаттығуларын қайта бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы Sports.ru сайтына сілтеме жасай отырып. Жаттығуларды қайта бастау туралы шешімді команда президенті Аурелио Де Лаурентис қабылдады. Италияда 3 сәуірге дейін барлық спорттық шараларды тоқтатқан болатын. Федерация президенті топтық жаттығулар футболшылар үшін қауіпті екендігі туралы айтты. Италия коронавирустан көз жұмағандар бойынша Қытайдан да озып тұр.