Швейцарияның Лозанна қаласында әйелдер арасындағы «Гран-при» кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Propsorts.kz.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік жарыстың қорытындысы бойынша 6,5 ұпай жинады, 3-орынға ие болды.

Айта кету керек, бірінші орынды грузиялық Нана Дзагнидзе, екінші орынды ресейлік Александра Горячкина иеленді.