Гимнастикадан Қазақстанның ерлер командасы Олимпиада ойындарына ұпай тарататын Бакудегі Әлем кубогына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

13 наурыз екінші іріктеу күні өтті. Осы жарыстардағы ең жақсы нәтижені бүгінгі күнге дейін Нариман Құрбанов көрсетті. Алматылық спортшы «ат» үстіндегі жаттығулардың квалификациясында бесінші орынға ие болып, финалға шықты. Дәл осы снарядта Ілияс Азизов 21-нші нәтиже көрсетті. «Ат» үстіндегі финалдық сайыс 15 наурызда өтеді, Олимпиада лицензиясына ие болуы үшін, Құрбанов алтын алуы керек.