Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Нұр-Сұлтан қаласындағы «Челленджер» турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Ломакин тағы бір қазақстандық теннисші Сағадат Аяпқа қарсы ойнады. Бір сағат 59 минутқа жалғасқан кездесу үш сетте 5:7,6:1,6:2 есебімен Ломакинның пайдасына аяқталды. Келесі айналымда Ломакин жарыстың бірінші ракеткасы мысырлық Мохамед Савфатқа қарсы өнер көрсетеді.