Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Нұр-Сұлтан қаласындағы «Челленджер» турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші айналымда Недовесов жас қазақстандық теннисші Тимур Мәуленовті екі сетте 6:2,6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 5 минутқа жалғасты. Келесі айналымда Недовесов ресейлік Роман Сафиуллинмен күш сынасады.