Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Челленджер» турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Денис бірінші айналымда ресейлік Константин Кравчукты екі сетте 6:4,6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 30 минутқа жалғасты. Келесі кезеңде Евсеев даниялық Микаэль Торпешаррдқа қарсы өнер көрсетеді. Нұр-Сұлтан қаласындағы турнирдің жалпы жүлде қоры 54 мың АҚШ долларын құрайды.