Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Дэвис Кубогы аясында өткен Нидерланд құрамасына қарсы кездесу туралы пікір білдірді.

«Командаға ұпай әкелгенімізге қуаныштымыз. Нәтижеге көңіліміз толып отыр. 6:3 6:3 есебін көріп, тартысты айқас болмады деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда бұл - жұптық санатты қалпына келтіргеннен кейінгі алғашқы матчымыз болып отыр. Қатты қобалжыдық. Ақыры ойынымызды түзеп, жақсара түскен секілдіміз. Ары қарай да өркендей бермекпіз», - деді Александр Недовесов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Нидерланд командасын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне жолдама ұтып алды.