Голландиялық шабуылшы Робин ван Перси «Фейеноорд» клубына қайта оралуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

36 жастағы Робин ван Перси өткен жылы футболшы мансабын аяқтаған болатын. Ол мансабын «Фейеноорд» клубында бастап, «Фейеноорд» клубында аяқтады. Бұдан бөлек «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» сынды алпауыт командаларда жемісті өнер көрсетті.

Даңқты ойыншы енді өзінің туған командасына оралып, шабуылшыларды жаттықтырмақшы. Клубтың басшылары оған осындай қызмет ұсынып отыр.