29 жастағы италиялық шабуылшы Марио Балотелли жер-жаһанды жайлаған коронавирус туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақша денсаулықтан артық емес, біз оянуымыз керек. Мен футболды бәріңізден гөрі жақсы көремін. Бірақ ойын дегеніміз - автобуспен, пойызбен, ұшақпен қатынас жасау, қонақүйде ұйықтау және кез келген жағдайда басқа адамдармен байланыс жасау. Мен балаларымды осы қарғыс атқан коронавирус үшін көре алмай жүрмін.

Айта кетелік, Италияда коронавирус жұқтырғаннан кейін, 233 адам қайтыс болған.