Лозаннада (Швейцария) әйелдер арасындағы шахматтан Гран-при кезеңінің 6-тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турда қазақстандық халықаралық дәрежедегі шебер Жансая Әбдімәлік ақ фигурамен болгариялық гроссмейстер Антоанета Стефанованы жеңді.

Осы турдан кейін 3,5 ұпай жинаған қазақстандық шахматшы 5-орынға тұрақтады. Отандасымыз турнир көшбасшылары Александра Горячкина мен Алина Кашлинскаядан 0,5 ұпай қалып келеді.

7-ші турда Жансая 3,5 ұпай жинаған үндістандық гроссмейстер Харика Дронаваллимен кездеседі.