Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы алдағы әлем кубогы кезеңдеріне қатысудан бас тартты.

Атап айтар болсақ, бүгін Чехияның Брно қаласында өтетін Гран-при турниріне қазақстандық гимнастар қатыспайды.

Сондай-ақ, спортшылар Киев пен Марбельедегі Гран-при турнирлерінен және Ташкент пен Софияда өтетін әлем кубогі кезеңдерінен сырт қалады.

Айта кетелік, спортшылардың жарысқа қатыспауына әлемде коронавирустың ушығуы себеп болып отыр.