Катар астанасы Дохада үстел теннисінен ашық чемпионат өтіп жатыр деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енетін үздіктер жиналды. Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекеде рейтингілік ұпайлар таратылады. Алайда, қазақстандық спортшылар іріктеу сынынан әрі аса алмады. Qatar Open додасында Кирилл Герасименко хорватиялық Вэй Шихаоны жеңгенімен, келесі кезеңде венгриялық Адам Судиге 3:4 есебімен жол берді. Анастасия Лаврова жапониялық Хонока Хашимитодан 0:4 есебімен ұтылды.