Ресейлік бапкер Владимир Маминов заңсыз жұмыстан шығарылуына байланысты «Ақтөбе» футбол клубын Спорттық арбитраждық сотқа беруге ниетті, деп жазады Prosports.kz.

Маминов жұмыстан босату туралы құжаттарды, сондай-ақ шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы алмаған екен. Қазақстандық клубтың басшылығы ресейлік бапкермен әлі күнге дейін байланысқа шықпаған, осыған байланысты ол бұрынғы клубқа қатысты мәселелерді сотта шешуге ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, маман 2020 жылдың қаңтар айында «Ақтөбе» командасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Ақпан айының басында белгісіз себептермен Маминов жұмыстан босатылды.

«Жалақымның 50 пайызын президентке беруім керек болды». Легионер «Ақтөбедегі» жемқорлық жайлы

Маминов «Ақтөбеден» кетті