Күні кеше қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұловтың әлемнің ең үздік ұйымдарының бірі UFC-мен келісімшартқа отырды.

Бұл жайлы көптеген қазақстандық және ресейлік спортшылардың менеджері Саят Абдрахманов хабарлады. Әзірге келісімшарттың неше уақытқа және қанша жекпе-жекке жасалғаны туралы ақпарат жоқ. Оған қоса Жалғастың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні де белгісіз.

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, 31 жастағы спортшы UFC-дің алдағы турнирлердің бірінші сегізбұрышқа шығып қалуы мүмкін. Өйткені Жалғас АҚШ-қа визасын жасап жатыр. Осы себепті қазақ спортшысын UFC FN 172 турнирінде көріп қалуымыз ғажап емес. Аталмыш жарыс 11 сәуір күні АҚШ-тың Портленд қаласында өтеді.

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отыра алмаса, Fight Nights Global ұйымынан кетіп, мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

«Fight Nights промоушенінде қанша жылдан бері жұдырықтасып келемін? Ол жақта жекпе-жек өткізетін ешкім қалмады. Чемпиондық белбеуімді босатып беремін. Титулға Асатрян пен Әли жекпе-жек өткізсін», - деген еді спортшы «Территория ММА» YouTube-арнасына.

Спортшының өзі неге Fight Nights Global ұйымынан кетуі ұзаққа созылғанын түсіндіріп берген болатын. Жалғас өз сөзінде «чемпиондық белбеуді кездейсоқ жеңіп алмағанын, ұйымдағы ең мықтыларды жеңе алатынын дәлелдеп болған соң ғана кететінін» айтқан еді.