ММА

Жалғас Жұмағұлов - мінезді жауынгер

Жалғас Жұмағұлов - мінезді жауынгер
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұловтың әлемнің ең үздік ұйымдарының бірі UFC-мен келісімшартқа отырды.

Бұл жайлы көптеген қазақстандық және ресейлік спортшылардың менеджері Саят Абдрахманов хабарлады. Әзірге келісімшарттың неше уақытқа және қанша жекпе-жекке жасалғаны туралы ақпарат жоқ. Оған қоса Жалғастың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні де белгісіз.

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, 31 жастағы спортшы UFC-дің алдағы турнирлердің бірінші сегізбұрышқа шығып қалуы мүмкін. Өйткені Жалғас АҚШ-қа визасын жасап жатыр. Осы себепті қазақ спортшысын UFC FN 172 турнирінде көріп қалуымыз ғажап емес. Аталмыш жарыс 11 сәуір күні АҚШ-тың Портленд қаласында өтеді.

Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отыра алмаса, Fight Nights Global ұйымынан кетіп, мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

«Fight Nights промоушенінде қанша жылдан бері жұдырықтасып келемін? Ол жақта жекпе-жек өткізетін ешкім қалмады. Чемпиондық белбеуімді босатып беремін. Титулға Асатрян пен Әли жекпе-жек өткізсін», - деген еді спортшы «Территория ММА» YouTube-арнасына.

Спортшының өзі неге Fight Nights Global ұйымынан кетуі ұзаққа созылғанын түсіндіріп берген болатын. Жалғас өз сөзінде «чемпиондық белбеуді кездейсоқ жеңіп алмағанын, ұйымдағы ең мықтыларды жеңе алатынын дәлелдеп болған соң ғана кететінін» айтқан еді.

Дегенмен қазақ жанкүйерлерінің қуанышына орай, Жалғас Жұмағұлов пен оның командасы әлемдегі ең беделді ұйым - UFC-мен келісімшарт жасай алды. Ал қазақстандық спортшының жұмысын тәжірибелі менеджері Саят Абдрахмановтың жүргізетінін ескерсек, Жалғастың дебютін жақын арада көріп қаламыз.

«Жако» (лақап аты) кәсіпқой ММА спортына 2014 жылы келген. Осы уақытқа дейін 16 жекпе-жек өткізіп үлгерді. 13 кездесуінде қарсыласын жер жастандырса, 3 жекпе-жегінде жеңіліс тапты. 6 жылдың ішінде Жалғас Жұмағұлов біраз промоушендерде жекпе-жек өткізіп үлгерген. Дегенмен тек Fight Nights Global ұйымында үлкен жетістіктірге жетті.

2018 жылыдң тамыз айында Жалғас Жұмағұлов 56 келі салмақта (ең жеңіл салмақ) Тагир Уланбековті жеңіп, FNG ұйымының чемпионы атанды. Ал өткен жылдың қазан айында UFC-дің бұрынғы спортшысы Әли Багаутинов қарсы жекпе-жекте титулын қорғап қалды. Чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған соң Жалғас UFC-мен келіссөзді бастап кетті. Келіссөздің ұзаққа созылуына UFC-дегі ең жеңіл салмақта бәсекелестіктің өте жоғары болғаны әсер етті. Оған қоса UFC бұл салмақта 15 спортшыдан көп ұстамайтыны белгілі.

Дәл қазіргі сәтте Жалғас Жұмағұлов әлемдік рейтингте өз салмағында 21-ші сатыда тұр. Қазақстандық спортшының алдында тек UFC мен Bellattor ұйымының өкілдері бар. Сондай-ақ қазақстандық спортшылардың ішінен Жалғас Жұмағұлов екінші болып UFC-мен келісімшартқа отырғанын айта кеткен жөн. Бұған дейін «Номад» лақап атымен танымал Шавкат Рахмонов осы ұйыммен келісімшарт жасасқан. Оның алғашқы жекпе-жегі 21 наурыз күніне жоспарланған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер