Швейцарияның Бас прокуратурасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) бұрынғы бас хатшысы Жером Вальке ірі халықаралық турнирлерді өткізу үшін теледидарлық құқықты сатқан кезде Нассер әл-Хелаифиден пара алды деп айыптап отыр, деп жазады Prosports.kz. Бұл туралы Швейцария бас прокурорының баспасөз қызметі хабарлады.
ПСЖ басшысы ірі медиахолдинг beIN Media Group иесі. Әл-Хелаифи өз компаниясы атынан вилла сатып алып, оны Валькеге қолдануға берген. Оған қоса, Вальке 1,25 миллион еуро ақша алған.
Алып клубтың президенті Нассер әл-Хелаифи бұл айыпты жоққа шығарып, Швейцария елінің басшылығынан істі қайта қарап, ақ-қарасына анықтауды өтініп отыр.
Айта кетейік, әлем футболындағы тағы бір қалтасы қалың клубтың бірі «Манчестер Сити» жақында қаржылық тепе-теңдікті сақтамады деп УЕФА тарапынан айыпталған еді.
«Манчестер Сити» еурокубоктардан екі жылға шеттетілді
Комментарии