Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз ширек финалда әлемнің үшінші ракетасы, чехиялық Каролина Плишкованы жарыс жолынан шығарды.
1 сағат 41 минутқа созылған кездесу 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.
Рыбакина жартылай финалда хорватиялық Петра Мартич пен эстониялық Анетт Контавейт жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 20 жастағы Рыбакина әлемнің 19-ракеткасы.
Комментарии