Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз ширек финалда әлемнің үшінші ракетасы, чехиялық Каролина Плишкованы жарыс жолынан шығарды.
1 сағат 41 минутқа созылған кездесу 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.
Рыбакина жартылай финалда хорватиялық Петра Мартич пен эстониялық Анетт Контавейт жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 20 жастағы Рыбакина әлемнің 19-ракеткасы.