Александр Бублик Марсельде өтіп жатқан ATP250 Open 13 Provence турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 20-шы ракеткасы француз Бенуа Перді жеңді.

1 сағат 38 минутқа созылған кездесу 3:6, 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.