Қазақстандық маман Асқар Қожабергенов Бірінші лигада ойнайтын «Мақтаарал» командасының тізгінін ұстады.
54 жастағы маман қаскелеңдік «Сұңқар», талдықорғандық «Жетісу», «Екібастұз» және «Атырау» клубтарын жаттықтырған.
Өткен маусымда «Мақтаарал» командасы Бірінші лиганы 6 орында аяқтаған болатын.
Комментарии