«Атырау» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын Түркияда өткізеді.

Бірінші лигаға түсіп қалған «Атырау» үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді. ОЖЖ 18 ақпаннан басталып, 11 наурызға дейін созылады.

Жаттығу жиынына 27 футболшы шақырту алған. Оның 13 жергілікті футболшылар.