Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы «Тобыл» сапына жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Луканың алғашқы кәсіби клубы – Тбилисидің «Локомотив» клубы, ол академияда бірнеше жыл өткізген. 2014 жылы Зарандия Бельгияның «Генкіне» көшті, бірақ көп ұзамай теміржолшылар құрамына оралды. Бір маусым өткен соң ол Польшаға жол тартты. Гдынь қаласының «Арка» командасында үш жыл доп тепті.

Жартылай қорғаушы үш маусымды Польшада өткізіп, ел кубогін және екі Суперкубокты жеңіп алды. Лука бұған дейін «Зюлте-Варегем» командасында ойнады.

Грузия құрамасында Зарандия екі матч өткізді. Жартылай қорғаушының жалға берілу мерзімі 2020 жылдың 31 шілдесінде аяқталады.

Туған жылы: 17 ақпан 1996 жылБойы: 179 смАлаңдағы орны: Жартылай қорғаушыАзаматтығы: Грузия