Қазақстандық ауыр атлет Рахат Бекболат жасөспірімдер арасындағы Азия біріншлігінде әлем рекордын орнатты. Қызылорда ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі Рахат Бекболат екі жарыстың қорытындысы бойынша 356(158+198) келі салмақты бағындырып, алтын медаль жеңіп алды. Екінші орын алған ирандық спортшы Аболфази Хакунура қазақстандықтан 14 келі қалып қойды. Үшінгі орынды Азимджон Ходжиев алды.