Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты.

89 келі салмақта сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы 360 (165+195) келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

Бұл салмақта күміс медаль оңтүстік кореялық Енг Хунге 324 (142+182) келі, үшінші орын жергілікті спортшы акимжон Шамшитдиновке 323 (144+179) бұйырды.

Ал 81 келі салмақта қазақстандық Сапи Есенкелді қола жүлдегер атанды. Оның нәтижесі 311 келі (134+177) болды. Бұл салмақта 344 (156+188) келі зілтемірді көтерген өзбекстандық Сарварбек Зафарджонов топ жарды. Күміс жүлде алаң қожайындары Мухамадкодыр Тоштемировке 343 (161+182) бұйырды.