Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы алтын жүлде жеңіп алды.

67 келіде сынға түскен Сайхан Тайсуев алтын жүлдегер атанды. Ол қоссайыс бойынша 299 келіні (130+169) бағындырған.

Екінші орында Индонезия өкілі Мохамад Юсин (298 келі). Үздік үштікті 281 келіні еңсерген Ким Сунджин.

Айта кетелік, бұған дейін Гүлнұр Ыбырай 64 келіде топ жарған болатын.