7-8 ақпан күндері Бельгияның Кортрейк қаласында Бельгия мен Қазақстан қыздар құрамасы арасында Федерация кубогының іріктеу кезеңі аясындағы матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан теннис федерациясы Инстаграм желісіндегі ресми парақшасында осы сынға қатысатын теннисшілеріміздің тізімін жариялады:

Юлия Путинцева - әлемнің 34-ші ракеткасы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Федерация кубогында 2014 жылы дебют жасаған.

Зарина Дияс - әлемнің 63-ші ракеткасы, 14 жастан бастап Қазақстан Республикасының спорт шебері. Федерация кубогында 2009 жылы дебют жасаған.

Анна Данилина - жұптық сында әлемнің 122-ші ракеткасы, Қазақстан Республикасының спорт шебері. Федерация кубогында ол 2019 жылы дебют жасаған.

Ярослава Шведова - Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Федерация кубогында 2009 жылы дебют жасаған.