Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Australian Open-2020 турнирі аяқталғаннан кейін спортшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімде қазақстандық жас теннисші Елена Рыбакина 25-ші орынға көтерілді. Бұл біздің теннисшілер үшін ең жоғары орын. 2012 жылы Ярослав Шведов осы межені бағындырып, Қазақстан теннисшілері арасындағы рекордты орнатқан болатын.

Сондай-ақ, жаңартылған рейтингте Юлия Путинцева төрт сатыға көтеріліп, 34-ші сатыға орналасты. Ал Зарина Дияс 63-ші орынға жайғасты.

Жұптық сында отандасымыз Галина Воскобоева 122-ші орында тұр.