27 қаңтар күні Кемперде (Франция) теннистен ATP Challenger сериясынан халықаралық турнир басталған еді, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында топ жарды.

Шешуші кездесуде қазақстандықтар хорваттық жұп Иван Сабановты / Матей Сабановты 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Еске салсақ, Недовесов пен Голубев осы маусымда екінші рет турнирде жеңіске жетіп отыр.