Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) Australian Open-2020 турнирі аяқталғаннан кейін спортшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімде отандастарымыз Михаил Кукушкин мен Александр Бублик үздік 100 теннисшінің қатарына енді. Олар жаңартылған рейтингте сәйкесінше 68-ші және 54-ші орынға жайғасты.

Әлемдік рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр. Ол Australian Open турнирін жеңіп алып, испаниялық Рафаэль Надальды екінші орынға ығыстырды. Ал үздік үштікті швейцариялық Роджер Федерер түйіндеп тұр.

Жұптық сында Кукушкин мен Бублик керемет әлемдік рейтингте керемет жоғарылады. Михаил 142-ші сатыдан 68-ші орынға көтерілсе, Александр 246 саты жоғарылап, 96-орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, екі теннисші Australian Open турнирінің жұптық сынынад жартылай финалына дейін жеткен болатын.