Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10КО) Instagram желісіндегі оқырмандарын керемет акробатикалық қимылымен таң қалдырды, деп жазады⠀Ахмедов алдымен мінсіз кульбит әрекетін (қырынан) жасап, содан кейін сальто жасады. Бұл әрекеттер боксшының физикалық дайындығының жоғары деңгейде екенін көрсетті.⠀Айта кетейік, Садриддин Ахмедов өткен жылы бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның төртеуі мерзімінен бұрын аяқталды.