Конор Макгрегор UFC 246 турнирінде жеңіске жеткен соң америкалық боксшы Флойд Мейвезер өз инстаграм парақшасында қызықты сурет жариялады.

Суретке қарағанда 2020 жылы спортшылар тағы да шаршы алаңда кездеседі. Әзірге жекпе-жектің нақты уақыты белгісіз.

Бірінші кездесуден кейін екі спортшы шамамен 300 миллиондай АҚШ долларын тапқан. Оның басым бөлігі 230 миллиондай Мейвезердің еншісінде. Макгрегор 70 миллионды қанағат тұтты.