Америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) "Жыл боксшысы - 2019" номинациясы бойынша жеңімпазды анықтады.

Жеңімпаз Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) атанды. Өткен 12 айда ол екі жекпе-жек өткізіп, нәтижесінде америкалық Дэниел Джейкобсты ұпай бойынша және ресейлік Сергей Ковалевті 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, жеңді.

Бұған дейін мұндай атақты Альвареске The Ring, ESPN, Sports Illustrated және басқалары берген. Айта кету керек, Альварес BWAA марапатын соңғы 32 жылда иемденген алғашқы мексикалық спортшы. Оған дейін 1987 жылы үлкен Хулио Сесар Чавес үздік атанған.